424,63 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мадрид тұрғындары балконда тұрып кино көре алатын болды

  • 498
  • UPD: 10:58, 24.04.2020
Мадрид тұрғындары балконда тұрып кино көре алатын болды

Карантин шараларына байланысты Испания астанасының қалалық кеңесі халыққа рухани азық берудің амалын ойлап тапты.  Кеңес бірнеше танымал видеоресурспен бірлесіп, кино көрсететін көліктерді қала көшелеріне шығарды. 

Cine de Balcón деп аталатын бастама аясында жылжымалы кинотеатрлар Мадридтің аудандарын аралап, жұртқа үлкен экранда фильмдер көрсетеді. Ал көрермендер балконға шығып, картиналарды тамашалап жүр. Аулаға өзі келетін кинотеатрдың арқасында ешкім карантинді бұзып жатқан жоқ. Сеанс күнделікті Испания уақытымен сағат 20:15-те басталады.

espanarusa.com

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы