423,81 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Пандемия зардабы: Еуроодақ триллион қорын құрмақ

  • 662
  • UPD: 10:47, 24.04.2020
Пандемия зардабы: Еуроодақ триллион қорын құрмақ Seldon.News

Еуропалық одақ коронавирус пандемиясынан кейін экономиканы қалпына келтіру үшін триллион қорын құрмақ.

ЕО көшбасшылары бейнебайланыс арқылы пандемиямен күреске арналған саммит өткізді. Олар коронавирус індетінен аса зардап шеккен елдерге және еуропалық компанияларға көмек көрсету үшін арнайы қор құру туралы шешім қабылдады, деп жазады Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

Қор алдағы екі ай ішінде құрылуы керек. ЕО-да шамамен 1,5 трлн еуро жиналады деп үміттенеді. Осылайша 1 маусымға қарай кәсіпкерлер мен жұмысшыларға көмек көрсету үшін 540 млрд еуро сомасына несие пакеті дайын болады.

Хабар 24 телеарнасы