Нагасаки портында тоқтап тұрған Costa Atlantica саяхат кемесінде тағы 40 адам коронавирус жұқтырды.
Қазіргі күні саяхат кемесінде жалпы саны 91 адамнан COVID-19 анықталған. Науқастардың арасында Ресейдің бір азаматы бар.
Costa Atlantica кемесі Италияда тіркелген саяхат лайнері. Кемедегі 623 адамның барлығы - бұл лайнердің командасы, араларында жолаушы жоқ. Жапония билігі оларды тексеруді бүгін аяқтайды.
14 наурыздан бері ешкім кемеден ешқайда шықпаған.
NHK
Аударған: Г.Абилова