418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Британдықтар ұшақтарды госпитальға айналдыруды ұсынуда

  • 193
  • UPD: 14:30, 24.04.2020

Коронавирус кесірінен азаматтық авиация осыған дейін болмаған дағдарысқа тап болды.

Сарапшылар «қиын кезең әлі алда» дейді. Өйткені Халықаралық азаматтық авиация ұйымының болжамы бойынша биыл қыркүйекте ұшақ арқылы қатынайтын жолаушылар саны пандемияға дейінгі көрсеткішпен салыстырғанда,1 миллиард 200 миллион адамға азаюы мүмкін.

Осыдан бір-екі ай бұрын жолаушыларға лық толы халықаралық әуежайларда қарбалас болатын. Қазір жағдай мүлде басқа. Қатынайтын адам жоқ. Ал, ұшақтар әуе айлағында қаңтарылып тұр. Себебі, пандемия кесірінен басқа ел мен қала тұрмақ, үйден шығудың өзі қауіпті. Алайда ерте ме, кеш пе авиатасымалдар қайта жанданады. Осы ретте неміс мамандары алдағы уақытта азаматтық авиацияны қандай өзгерістер күтіп тұрғаны жайлы жоспар әзірлеген. Ең басты өзгеріс – сапарлау уақытында. Мамандардың айтуынша, енді діттеген жеріңізге жету үшін бұрынғыдан да көп уақыт кетеді. Өйткені әлеуметтік қашықтықтықты сақтау және зарарсыздандыруға байланысты әуежайдағы жұмыс баяулап, рейске тіркелу бұрынғыдан ұзаққа созылуы мүмкін. Сонымен қоса, маска тағу тек дүкен мен автобуста ғана емес, ұшақ ішіндегі басты талапқа айналатын түрі бар. Ал, таяуда британдық EasyJet компаниясының басшысы жолаушылар арасындағы қауіпсіз қашықтықтықты сақтау үшін лайнер салонындағы 3 орындықтың ортаңғысына билет сатуды тоқтатуды ұсынды. Алайда, сарапшылар бұл идеяны құптамай отыр.

Александр де Жюньяк, Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының басшысы:

- Бұл бастаманы қолдасақ, орындардың саны бірден 3 есеге қысқарады. Онда әуе тасымалдаушылар бағаларды кемі 50%-ке қымбаттатуға мәжбүр болады. Ал, мұны жолаушылар қалай қабылдайды? Бәрінің бірдей қалтасы көтермейді. Сондықтан 3 орындықтың оратыңғысын алып тастау идеясын жүзеге асыру мүмкін емес.

Жолаушылар қатынасы тоқтап тұрса, жүк тасымалына керісінше қазір сұраныс жоғары. Өйткені пандемия кезінде арада медициналық жабдық және қорғану құралдарын тасу керек. Сондықтан кейбір елдер жолаушылар лайнерін жүк ұшағына қайта жабдықтауға көшкен.

Джозеф Варади, Wizz Air компаниясының бас директоры:

- Біз жаңа жаһандық ахуал талабына сай әрекет етуіміз керек. Бұл біздің  қоғам алдындағы әлеуметтік жауакершілігіміз. Сондықтан дағдарыс кезінде жолаушыларды емес, жүк тасуға тура келеді. Алайда мұның бәрі уақытша шара. Кейін жағдай тұрақтанғанда, жолаушылар тасымалы қайта жанданады.

Ал, британдықтар ұшақтарды госпитальға айналдыруды ұсынуда. Сарапшылардың айтуынша, лайнерлердегі оттегін жеткізу жүйесінің арқасында мұнда операция жасайтын бөлмедегідей жағдай жасалады. Оның үстіне ұшақта орын көп. «Сондықтан медициналық қызметкерлерді жайғастыру жағына бас қатырмауға болады», - дейді олар . Бұл идеяны Корольдіктің азаматтық авиация басқармасы құптаған. Алайда, Ұлыбритания үкіметі әлі қолдаған жоқ. 

Авторлары: Жұлдыз Атагельдиева, Гүлнәр Жандағұлова

Хабар 24 телеарнасы