425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Италияда коронавирустан бір тәулікте 420 адам көз жұмды

  • 254
  • UPD: 16:19, 25.04.2020
Италияда коронавирустан бір тәулікте 420 адам көз жұмды

Италияда COVID-19-дан қайтыс болғандар саны 25 969-ды құрап отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өткен тәулікте 2 922 науқас сауығып шықты. Коронавирус инфекциясынан жазылып шыққандардың жалпы саны 60 498-ге жетті. Бұл елде жалпы 192 994 адамның вирусты жұқтырғаны анықталған. Реанимация бөлімшелерінде 4 870 адам емделіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы