419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ұлыбританияда дәрігерлерге азық-түлікті роботтар жеткізе бастады

  • 454
  • UPD: 18:16, 25.04.2020
Ұлыбританияда дәрігерлерге азық-түлікті роботтар жеткізе бастады

Ұлыбританияның Милтон-Кинс қаласында дәрігерлердің үйіне азық-түлік роботтармен тегін жеткізіле бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі, қазіргідей уақытта елде медицина қызметкерлерінің дүкендерге баруға мүмкіндігі аз. Олардың көбі аптасына 80 сағат жұмыс істеуге мәжбүр. Осыны ескерген америкалық Starship Technologies компаниясы дәрігерлерге көмектесуді шешкен. Ал, құлтемір жаяу жүргінші жолымен сағатына 6,5 шақырымдай жылдамдықпен жүреді. Робот тұтынушыға тапсырысты қауіпсіз жеткізу үшін бейнекамера және радармен жабдықталған. Компания басшылығы мұндай қызмет келешекте Корольдіктің барлық аумағында кеңінен таралатынына сенімді.

Генри Харрис-Берланд, Starship Technologies компаниясының маркетинг бойынша вице-президенті:

- Медициналық қызметкерлер біздің бастамамызға алғыстарын білдіріп жатыр. Қазір қызметімізді барынша кеңейтуге тырысудамыз. Жалпы келешекте мұндай роботтар адамдардың күнделікті қолданатын құралына айналады деп ойлаймын. Олар өте ыңғайлы әрі арзан. Мақсатымыз осындай қызмет арқылы адамдардың өмірін жеңілдету.

Хабар 24 телеарнасы