433,40 515.14 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мишель Барнье: Ұлыбритания Еуроодақпен келісімге дайындықты тежеп отыр

  • 488
Мишель Барнье: Ұлыбритания Еуроодақпен келісімге дайындықты тежеп отыр

Еуроодақ: «Ұлыбритания ұйыммен келешек келісімшартқа дайындықты тежеп отыр», деп айыптады.

Бұл туралы Брюссельде Одақтың Brexit бойынша бас мәмілегері Мишель Барнье мәлімдеді. Оның айтуынша, Лондон осы аптада Брюссельмен саяси декларация келіссөзіне қатысты 4 тармақты талқылаудан бас тартқан. Сондықтан Брюссель бұл мәселелер қарастырылмайынша ұзақмерзімді серіктестік талқыланбайтынын жеткізді.

Айта кетейік, наурыз айында Мишель Барньенің коронавирус жұқтырып алғаны хабарланған. Мәмілегер жұқпалы дерттен жазылып шықты.

Мишель Барнье; Еуроодақтың Brexit бойынша басты мәмілегері:

- Біз басқосуда белгілі бір тақырыптарды талқылаумен ғана шектеле алмаймыз. Келіссөз кезінде барлық мәселе қамтылуы тиіс. Ұлыбритания маңызды сұрақтарды қарастырмай өтпелі кезеңнен бас тарта алмайды. Індеттің экономикаға кері әсерін жеңілдететін мәселелерді де талқылау қажет. Маусым айында тараптар келіссөзді қайта пысықтауы тиіс деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы