419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та жеңіл моторлы ұшақ құлады

  • 579
  • UPD: 12:17, 26.04.2020
АҚШ-та жеңіл моторлы ұшақ құлады CC0 / Gellinger

Невада штатында жеңіл моторлы ұшақтың құлауынан 3 адам қаза тапты, деп хабарлайды Elko Daily.

Оқиға Гошут алқабында болды. Әуе техникасының қаңқасы Ютамен шекарадан 40 шақырым жерден табылған.

Қаза тапқан адамдардың біреуі ер кісі, әйел және бала. Олар Аризона тұрғыны. Intel компаниясында жұмыс істеген инженердің отбасы екені айтылып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы