430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та коронавирусты қалай емдеп жатыр?

  • 492
  • UPD: 11:02, 27.04.2020

АҚШ короновирустан айтарлықтай зардап шегіп жатқаны жайында аз айтылмайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе, Нью-Йорк қаласы мен штатындағы жағдай іргелі мегаполистің тынысын тарылтып, тұрғындарының зәресін алды. Алып шаһардағы қазіргі ахуал қандай? Алты апта бойы карантинде жатқан елдің қауіпті індетті жұқтыруы бәсеңдеді ме? Ал билік не дейді? Жалпы жұрт көңілінен шығатын жағымды ақпараттар бар ма? Осы сұрақтар төңірегінде арна тілшісі Георгия Цихисели ой сараптады.

Георгий цихисели, тілші:

- Қазір қаладағы жағдайды айтатын болсам, ауру жұқтырғандар саны 155 мың. 11817 науқас көз жұмды. Емделіп шыққандар қатары 18018 адам. Десе де, дәрігерлер «үрейге бой алдырудың қажеті жоқ» деп отыр. Себебі, науқастардың үштен бір бөлігінде ауру белгісіз өтіпті. Ал жартысына жуғында дерт жеңіл түрде болған. Олар өздерін бірнеше күндік емнен кейін жақсы сезе бастаған. Осыған қарап, ауырғандар қатары ресми стистикаға қарағанда он есе көп болуы мүмкін. Эпидемиологтар осындай болжамдарын жариялады. Егер Нью-Йоркте 1,5 млн адам тұрады десек. Шамамен әр алтыншы тұрғын ауырған. Олардың көпшілігі үйде емделуде. Біз олардың бірнешеуімен сөйлестік.

Александр Костромин, COVID-19 жеңіл түрде ауырған науқас:

- Өзімді жайсыз сезінген соң дәрігеріме хабарласып, жөтел пайда болғанын, дене қызуымның көтерілгенін айттым. Ол сізді құттықтаймын, жолыңыз болыпты деп жауап қатты. Сөйтті де, үйде емделудің жолдарын түсіндірді. Ол көбірек су ішу және қызуды басатын дәрі қолдану.

Алексей Зюнькин, COVID-19 ауыр түрде ауырған науқас:

Өкінішке орай менің жағдайымда жедел жәрдем шықыруға тура келді. Себебі дене қызуын басау үшін қолданған дәрі пайдасын бермеді. Температура 39 болды. Өзімді өте жайсыз сезіндім. Дәрігерлер сынама алып, соның нәтижесінде коронавирусқа шалдыққаным белгілі болды. 12 күн бойы қызуым түспеді. Кейде сағат сайын дәрі іштім. Арасында 15, тіпті 20 минуттай жөтел қысатын. Тек үш аптадан кейін жағдайым түзеле бастады.

Георгий Цихисели, тілші:

- Қазір Нью-Йоркте тағы екі түрлі әдіспен ем жүргізіліп жатқандығы белгілі болды. Оның бірі аурудан емделіп шыққан адамдардың қан плазмасын қолдану. Ал екіншісі «фамотидин» дәрісі. Ол құрамында белсенді заттары бар, негізінен қыжылды басу үшін пайдаланылады. Дәрігерлер, осылайша, барлық әдісті қолдануға тырысуда. Айта кетейін, әлеуметтік роликтер жасалып түсіндіру жұмыстарыда белсенді жүргізіліп жатыр. Медициналық сақтандыруы бар-жоқтығына қарамастан, барлық адам ем қабылдай алады. Мейлі ол мигрант болса да. Бірақ хабарласқан адамның бәрі бірдейі аурханаға әкетілмейді. Себебі кей адамдар вирус жұқтырғаннан емес, оны жұқтырудан қорыққандығынан өздерін ауру адамдай сезінуде. Сондай-ақ «сақтанамын, өзім емделемін», деп түрлі заттарды қолданып, уланушылар саны көбейген. Тағы бір қиын жағдай, қазір аллергиялық кезең. Яғни, мұрны қызарып түшкірушілер көбеюде. Жергілікті билік алдағы уақытта арнайы көліктермен жүретін топтар құруды жоспарлап отыр. Адамдар сонда корорнавирусқа тест тапсыруларына болады.

Хабар 24 телеарнасы