430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Борис Джонсон денсаулығын қалпына келтіру үшін ем алуды жалғастырды

  • 230
  • UPD: 11:42, 27.04.2020
Борис Джонсон денсаулығын қалпына келтіру үшін ем алуды жалғастырды golos-ameriki.ru

Коронавирустен сауыққан Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон өзінің резиденциясына оралды.

Бұл туралы жергілікті журналистер хабарлады. Наурыздың соңында коронавирус жұқтырған британ премьері бірнеше күн бұрын ауруханадан шығарылған еді. Содан бері ол оқшауда болып, денсаулығын қалпына келтіру үшін ем алуды жалғастырды.

Естеріңізге сала кетейік, Борис Джонсон инфекцияға шалдыққалы бері премьер-министр міндетін уақытша Сыртқы істер министрі Доминик Рааб орындап келеді.

Хабар 24 телеарнасы