425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҰҰ: Коронавирусқа қарсы вакцина әлемнің кез келген тұрғынына қолжетімді болуы тиіс

  • 423
  • UPD: 15:32, 27.04.2020
БҰҰ: Коронавирусқа қарсы вакцина әлемнің кез келген тұрғынына қолжетімді болуы тиіс

БҰҰ Бас Ассамблеясы коронавирусқа қарсы болашақ вакциналардың баршаға тең қолжетімділігі жөнінде қарар қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құжатта дәрі-дәрмектер және жеке қорғану құралдарымен алыпсатарлықты доғарып, олармен үлкен мөлшерде қамданбауға нұсқау берілді. БҰҰ болашақ вакцина және ем шаралары бір ғана ел немесе аймақтың иелігінде болмау керектегіне ерекше назар аударды. Қарар қабылдау алдында ұйымның Бас хатшысы Антониу Гутерриш: «Бізге тиімді, қауіпсіз, қымбат емес және қолдануы оңай дәрі қажет. Және ол әлемнің кез келген тұрғынына қолжетімді болуы тиіс», деп мәлімдеді.

Тиджани Мухаммад-Банде, БҰҰ Бас ассамблеясының төрағасы:

- COVID-19-бен тиімді күресу үшін қажетті ресурстарды жұмылдырудың маңызы зор. Оған қоса, қоғамдарымызды қалпына келтіріп, алдағы он жыл бойы 2030 жылға белгіленген тұрақты даму міндеттерін орындау өзекті болып тұр. Бұл жаһандық пандемия болғандықтан, бүкіл ғаламды тұтас қамтыған жауапты шара қабылдауға тиіспіз.

Хабар 24 телеарнасы