425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Иранда карантин режимі біртіндеп бәсеңдей бастайды

  • 266
  • UPD: 15:46, 27.04.2020
Иранда карантин режимі біртіндеп бәсеңдей бастайды

Бұл туралы ел президенті Хасан Рухани хабарлады. Өз сөзінде ол елдің ақ, сары және қызыл аудандарға бөлінетінін айтты.

Мұнда вирусқа шалдыққан адам санына байланысты шектеу шаралары да әртүрлі болмақ. Мешіттер жұма намазы үшін ашылуы мүмкін. Қазірдің өзінде елдің бірнеше өңірінде ирандықтар жұмыстарына орала бастады.

Естеріңізге салайық, Таяу Шығыста Иран коронавирустан көп зардап шеккен ел саналады. Аймақта дерттен көз жұмғандардың саны азайып барады. Соңғы тәулікте COVID-19-дан 60 адам қайтыс болған. Осылайша, вирус құрбандарының қатары 5710-ға жетіп, 90 481 тұрғын осы кеселге шалдыққан.

Хасан Рухани, Иран президенті:

- Егер екі аптадан кейін елдің жекелеген аудандарында індет таралуы бәсеңдесе әрі кісі шығыны азайса, Денсаулық сақтау министрлігі сол өңірді ақ түспен белгілейтін болады. Ал қауіпті аудандарға сары мен қызыл түс беріледі. Осылайша, карантиннен біртіндеп шыға бастаймыз.

Хабар 24 телеарнасы