418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сингапур ғалымдары бірқатар елдегі эпидемияның аяқталу мерзімін болжады

  • 228
  • UPD: 17:07, 27.04.2020
Сингапур ғалымдары бірқатар елдегі эпидемияның аяқталу мерзімін болжады

Сингапурдегі Технологиялар және дизайн университетінің (SUTD) зерттеушілері деректерді талдау негізінде бірқатар елдегі коронавирустың таралу мерзімінің қашан аяқталатынын болжады.

SUTD инновациялық зертханасы жариялаған есеп бойынша, Ресейде вирустың таралуы 20 шілдеде 100% аяқталады.

Зерттеушілердің пікірінше, Қытайда COVID-19 жағдайы 9 сәуірде тұрақталған.

Сингапур ғалымдарының болжамы бойынша, АҚШ-та COVID-19 жағдайы 27 тамызда, Германия мен Францияда 1 және 5 тамызда аяқталады. Ал 14 тамызда Ұлыбританияда коронавирус жағдайы аяқталуы мүмкін.

Дегенмен зерттеу авторлары қай кезде де қауіпсіздікті сақтау қажет екенін айтып өтті.

Хабар 24 телеарнасы