426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Чили халқы президенттің отставкаға кетуін талап етуде

  • 380
  • UPD: 08:44, 28.04.2020
Чили халқы президенттің отставкаға кетуін талап етуде

Чилиде халық ереуілге шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қала көшелеріне маска мен қорғаныш костюмдерін киіп шыққан 50 шақты адам ел президенті Себастьян Пиньераның отставкаға кетуін талап етті. Шерушілер жергілікті биліктің саясатына наразы, сонымен қатар конституциялық референдумның кейінге қалдырылуына қарсы. Бұл елде коронавирус пандемиясының кесірінен осы айға жоспарланған конституциялық референдум қазан айына шегерілген. Конституциялық референдум өткен жылдан бастап Чилиде жалғасқан жаппай наразылықтардың нүктесін қоюы тиіс еді. Ол кезде тұрғындар медициналық қызметтің сапасын арттыруды және тегін білім беруді талап еткен.

Хабар 24 телеарнасы