411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нью-Йорк штатының губернаторы: Карантин 15 мамырдан кейін де жалғасады

  • 83
  • UPD: 22:18, 28.04.2020
Нью-Йорк штатының губернаторы: Карантин 15 мамырдан кейін де жалғасады

АҚШ-тың кей штаттары карантиннен шығып жатса, Нью-Йоркте жағдай баяғыдай, деп хабарлайды «Хабар 24».

Штат губернаторы Эндрю Куомо қаланың кейбір бөліктерінде карантиннің 15 мамырдан кейін де жалғаса беретінін айтады. Оның айтуынша, жұмысты қайта бастағысы келетін өңірлер науқастарды диагностикалауға арналған тестердің жеткілікті екенін, сондай-ақ пандемияның қайталануы жағдайында клиникалардың санын көрсетуі тиіс. Нью-Йорк тұрғындарының көпшілігі карантинді ұзартуға түсіністікпен қарайды.

Сэн Обрайки, қаржыгер:

- Мен біздің губернатордың карантинді ұзарту туралы шешімін қолдаймын. Өйткені коронавирусқа қарсы негізгі қару бұл қашықтықты сақтау және оқшаулану. Менің қызметтік жолымда үйден жұмыс істеу тәжірибесі болған. Қазір отбасыммен көбірек уақыт өткізетін болдым. Бізде бұрынғыдай еркіндік жоқ, достармен кездесіп, концерттерге баруды да қойдық. Әрине, мұның бәрі психологиялық жағынан әсер етеді. Бірақ біз ньюйорктықтар мықтымыз. Және келесі кезеңдерге дайынбыз.

Хабар 24 телеарнасы