420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Грекияның Самос аралындағы мигранттардың лагерінде өрт шықты

  • 370
  • UPD: 21:40, 28.04.2020
Грекияның Самос аралындағы мигранттардың лагерінде өрт шықты

Тілсіз жау ондаған шатырды өртеп жіберген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан 100-ден астам адам баспанасынан айырылды. Оқиғадан жарақат алғандар мен мерт болғандар жайлы ақпарат түскен жоқ.

Айта кетейік, 700 орынға арналған лагерьде 7 мыңдай босқын тұрады. Ал Эгей теңізіндегі аралдарды 40 мың мигрант мекендейді. Аймақта тәртіпсіздік пен қылмыс оқиғалары жиі тіркеледі. Жуырда Грекияның миграция мәселесі бойынша министрлігі Эгей аралдарының мэрлерімен телеконференция өткізді. Онда келімсектерге арналған елді мекендердің саны 38-ге дейін қысқаратыны жарияланды. Қазір олардың саны 93. Аймақтағы лагерьлерде коронавирус дерегі тіркелмеген. Індет жайылса, Австрия билігі кірмелерді оқшаулау үшін арнайы контейнерлер жібермек.

Хабар 24 телеарнасы