399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ғалымдар коронавирус пандемиясы қашан аяқталатынын айтты

  • 210
  • UPD: 07:52, 29.04.2020
Ғалымдар коронавирус пандемиясы қашан аяқталатынын айтты

Сингапурдегі технология және дизайн университетінің ғалымдары коронавирустың аяқталатын мерзіміне қатысты болжам айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ғалымдардың сөзіне сенсек, Америка мен Еуропа құрлықтарындағы елдерде пандемияның шарықтау шегі шамамен мамырдың алғашқы жартысына сәйкес келеді-міс. Нақтырақ айтсақ, АҚШ-та вирустың таралуы мамырдың 11-інде, Испания мен Францияда 3-інде, Италияда 7-сінде 97 процентке аяқталатын көрінеді. Ал Түркияда індет 15 мамырда тоқтаса, Үнді жерінде 21 мамырда аяқталуы мүмкін. Ал коронавирустың таралуы 100 процентке тоқтайтын уақыт -8 желтоқсан екен.

 

 

Хабар 24 телеарнасы