420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Карантин Мехико экологиясына теріс әсер етіп жатыр

  • 347
  • UPD: 07:48, 29.04.2020

Карантинге қарамастан, Мексика астанасының халқы көк түтіннен көз ашпай отыр.

Шектеу шараларына байланысты Нью-Дели, Лос-Анджелес, Сеул секілді қалалардың экологиялық ахуалы айтарлықтай жақсарған. Алайда Мехикода өзге жағдай. Мұнда жолдағы көлік трафигі 60 процентке азайған. Алайда соның өзінде де ауадағы зиянды заттар қауіпті межеден түспей тұр. Мамандар оған бірнеше себеп барын айтады. Оларға қала төңірегіндегі қоқыс полигондарының көптігін, дизельдік отынның кеңінен қолданылуын, орман өртінің жиілеуін жатқызуға болады. Сонымен қоса Мехикоға жақын жерде мұнай өндіріледі. Одан бөлек таяудағы Попокатепетль жанартауы да арасында ауаға түтін мен газ атқылайтын көрінеді. Бұл аздай, карантинде үйде отырған жұрт жиі тамақ әзірлейтін болған. Ал ол үшін көбіне газ қолданылады. Ауаның ластануы салдарынан Мехикода тыныс алу жолдары ауыратын науқастар көп. Сондықтан сарапшылар олар үшін коронавирустың салдары ауыр болуы мүмкін деп қауіптенеді.

Карлос Альварес Флорес, эколог:

– Кейбіреу Мехикодағы ауаны негізінен көліктер ластайды деуші еді. Алайда бұл мәселемен айналысатын мамандар экологиялық ахуалдың нашарлауына тағы кемі 10 себептің барын біледі. Алайда билік оны түсінбейді немесе түсінгісі келмейді.

Хабар 24 телеарнасы