419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Пандемия салдарынан әрбір үшінші америкалық жұмыссыз қалды

  • 509
  • UPD: 10:02, 29.04.2020
Пандемия салдарынан әрбір үшінші америкалық жұмыссыз қалды

«Гэллап» институтының жүргізген сауалнамасының нәтижесі осындай.

Жалпы ресми мәлімет бойынша, наурыздың ортасынан бері 26 жарым миллион америкалық жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алуға өтініш берген екен. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Ол тек АҚШ-қа қатысты деректер. Ал бүкіл әлем бойынша биыл жұмыссыздық тарихи деңгейге жетуі мүмкін. БҰҰ өкілдері осындай болжамдарды бөлісті. Халықаралық қауымдастық  2020 жылдың екінші тоқсанында 195 миллион адам екі қолға бір күрек таппай қалуы мүмкін екенін айтады. Әсіресе шағын бизнес, фермерлер, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен босқындар зардап шегеді дейді мамандар. БҰҰ-ның баяндамасына сәйкес, биыл 60 миллион адам кедейдің кебін киюі мүмкін. Бұл әсіресе Африка мен Оңтүстік Азияға қатысты. Сол себепті ұйым өкілдері әлемдік қауымдастықты пандемия салдарымен күресу үшін шұғыл әлеуметтік-экономикалық шаралар қабылдауға шақырады.

Хабар 24 телеарнасы