423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сирияда жойқын жарылыстан ондаған адам ажал құшты

  • 398
  • UPD: 10:07, 29.04.2020
Сирияда жойқын жарылыстан ондаған адам ажал құшты

Сирияның солтүстігіндегі Африн қаласында жойқын жарылыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Қанды оқиғадан 40 адамның өмірі қиылды. Олардың ішінде 11 бала бар. Тағы шамамен 50-ге жуық тұрғын түрлі жарақат алған. Белгілі болғандай, жанармай тасымалдаушы көлікке орнатылған жарылғыш зат іске қосылған. Қайғылы жағдай шаһардың адам көп шоғырланған жерінде болды. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, мерт болғандардың арасында түрік әскерлері де бар. Түркияның қорғаныс министрлігі болса террорлық әрекетке Сириядағы күрд жасақтарын айыптап отыр.

 

Хабар 24 телеарнасы