421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гаитиде коронавирус салдарынан ашаршылық болуы мүмкін

  • 285
  • UPD: 10:32, 29.04.2020
Гаитиде коронавирус салдарынан ашаршылық болуы мүмкін

Гаити Президенті Жовенель Моиз азаматтарға арнаған жолдауында коронавирустың таралуынан болған экономикалық залалдың салдарынан Кариб республикасы аймағында аштық болуы мүмкін екенін хабарлады.

«Ашаршылық болатыны анық. Бізде жұмыссыздар көп. Бүкіл әлем рецессия жағдайында өмір сүруде, әр елдің үкіметі бизнесті қайта капиталдандыруға тырысуда. Егер біз де дайындық шараларын қолға алмасақ, көптеген проблемалар болады», - деп атап өтті Моиз.

Оның айтуынша, Гаитидің Ауыл шаруашылығы министрлігі фермерлерді қажетті құралдармен қамтамасыз етуге көмектесуге уәде беріп отыр.

Айта кетсек, 10,6 миллион халқы бар Гаити Республикасы – Батыс жартышардағы ең кедей мемлекеттердің бірі.

Хабар 24 телеарнасы