420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Канадада көктемгі тасқыннан мыңдаған үйді су басты

  • 324
  • UPD: 15:20, 29.04.2020
Канадада көктемгі тасқыннан мыңдаған үйді су басты

Канаданың Форт-Макмюррей қаласында көктемгі селден 12 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды «Хабар 24»

Өңірдегі бірнеше өзен тасып, шаһарды су басқан. 200-ден астам құтқару операциясы жүргізілді. Төтенше жағдай жөніндегі қызмет өкілдерінің мәлімдеуінше, мұндай тасқын соңғы 100 жылда алғаш рет қайталанып отыр. Қазір апат аймағында құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Айта кетейік, 66 мыңнан астам тұрғыны бар Форт-Макмюррей қаласы Канаданың мұнай өндірісінің орталығы саналады.

Хабар 24 телеарнасы