429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әзербайжан шекараны жабуды 31 мамырға дейін ұзартты

  • 350
  • UPD: 16:47, 29.04.2020
Әзербайжан шекараны жабуды 31 мамырға дейін ұзартты

Әзербайжан үкіметі жанындағы жедел штаб республикада елден кіру мен шығуға қойылған шектеу мерзімін 31 мамырға дейін ұзартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Хабарламада айтылғандай, Әзербайжан шекарасынан өтетін жүк тасымалы мен чартерлік рейстерден басқа барлық көлік түрлеріне қойылған шектеу мерзімі 2020 жылдың 31 мамырына дейін ұзартылатыны туралы шешім қабылданды. Мұндай шешім пандемияға байланысты әлемдегі жағдайға талдау жүргізу нәтижесінде және Әзербайжан аумағында вирустың кең таралуының алдын алу мақсатында қабылданып отыр.

Хабар 24 телеарнасы