424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өзбекстанда мемлекеттік тілді қорлағандар жазаланады

  • 698
  • UPD: 08:38, 30.04.2020
Өзбекстанда мемлекеттік тілді қорлағандар жазаланады

Өзбекстанда «Мемлекеттік тіл туралы» заңды бұзған азаматтарды жауапқа тарту ұсынылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл бастама тек мемлекеттік қызметкерлерге қатысты. Заңды елемегендерге 50 мың теңгеге дейін айыпұл салынуы мүмкін. Әділет министрлігі Әкімшілік жауапкершілік туралы кодекске өзгертулер енгізу жөніндегі заң жобасын көпшілік талқысына салды. Ал бүгінде тәрбие мен білім алуда тіл таңдау, тілді қолдануға кедергі жасау, Өзбекстанда тұратын ұлттар мен халықтардың тілдерін кемсіту бойынша адам құқықтарын бұзғандарға жаза қарастырылған. Енді ел билігі мемлекеттік орган басшыларының іс қағаздарын жүргізуде де жауапкершіліктерін арттыруды көздеп отыр.

Шахзод Абдулатипов, Өзбекстан Әділет министрлігінің қызметкері:

- Бұл заң жобасы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне байланысты. Яғни, жауапкершілікке осы ұйымдардың лауазымды тұлғалары ғана тартылады. Азаматтардың талқысына салынған құжат Өзбекстанда тұратын ұлттар мен халықтардың конституциялық құқықтарын бұзбайтынын айтып кету керек.

Хабар 24 телеарнасы