Екатеринбург қаласында контртеррорлық операция барысында үш содырдың көзі жойылды. Бұл туралы ТАСС арқылы Ұлттық антитеррорлық комитеттің (ҰАК) ақпарат агенттігі хабарлады.
«Федералдық қауіпсіздік қызметкерлері Екатеринбург қаласында лаңкестік әрекеттерге дайындықтың жолын кесті. Қаланың Чкалов ауданында контртеррорлық операция өткізілді. Оның барысында лаңкестікке қатысы бар үш содыр өлтірілді»,-деп хабарлады комитеттен.
Арнайы операция кезінде қолдан жасалған жарылғыш құралдар, қару-жарақ және оқдәрі табылды.