424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үнді актері Риши Капур көз жұмды

  • 396
  • UPD: 12:28, 30.04.2020
Үнді актері Риши Капур көз жұмды

Танымал актер және режиссер Радж Капурдың ұлы, актер Риши Капур Үндістанда 68 жасында қайтыс болды, деп хабарлады ria.ru.

Риши ондаған фильмге түскен, сондай-ақ ол режиссер және продюсер ретінде де танымал. Ол өткен жылы қатерлі ісік ауруымен күресті. Одан кейін де бірнеше рет ауруханаға түскен.

Актердің қайтыс болуына байланысты оның әріптестері мен үнді саясаткерлері көңіл айтты.

«Бұл үнді кионасы үшін қайғылы апта болды. Тағы бір аңыз адам, актер Риши Капур дүниеден өтті. Бірнеше ұрпақтар жалғасынан жанкүйерлері бар керемет актерды бәрі сағынатын болады», - деп жазды Үндістан парламентінің мүшесі Рахул Ганди.

Еске салсақ, кеше «Лашықтан шыққан миллионер» фильміне түскен Үндістанның танымал актері Ирфан Кханның дүниеден өткенін жаздық.

Хабар 24 телеарнасы