411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нью-Йоркте ондаған адамның мәйіті тиелген жүк көліктері табылды

  • 139
  • UPD: 12:51, 30.04.2020
Нью-Йоркте ондаған адамның мәйіті тиелген жүк көліктері табылды

Бруклиндегі жерлеу бюросының жанынан ондаған адамның мәйіті бар жүк көліктері табылды.

Бұл New York Times жазды.

Басылымның хабарлауынша, көрші үйлердің тұрғындары жағымсыз иіс туралы полицияға шағымданған. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары мәйіттер тиелген жүк көліктерін анықтады.

Шенеуніктердің бірі басылымға жерлеу бюросындағы мұздатқыштар жұмыс істемей қалғандықтан, мәйіттерді жүк көліктерінде сақтағанын айтқан. Ол адамдар коронавирус жұқтырған ба, жоқ па әзірге белгісіз.

Басылым сонымен қоса қаладағы өлім-жітімнің көбеюі жерлеу ұйымдары үшін қиынға соғып жатқанын атап өтті.

Хабар 24 телеарнасы