423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жердің ең үздік суреті таңдалды

  • 366
  • UPD: 17:42, 30.04.2020
Жердің ең үздік суреті таңдалды

Жердің ең үздік фотосуреті анықталды, деп хабарлады NASA-ның ресми сайты.

NASA Жер обсерваториясының 20 жылдығына және Жер күнін тойлаудың 50 жылдығына арнап Tournament Earth 2020 байқауын өткізді. Үздік түсірілімді желі қолданушылары таңдады. 

Бес кезеңнен тұратын байқау барысында 56 мыңнан астам адам дауыс берді. Багам аралдарынан түсірілген фото жеңімпаз болды.

Бұл сурет 66,2% дауыс жинады.

Ғарыш агенттігі байқауға қатысқан басқа да фотоларды ұсынды.

 

Хабар 24 телеарнасы