432,62 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Салмағы 13,5 келі болатын Айдың бөлшегі бәссаудаға шығарылды

  • 373
  • UPD: 23:00, 30.04.2020
Салмағы 13,5 келі болатын Айдың бөлшегі бәссаудаға шығарылды

Айдың Жер бетінен табылған ең ірі бөлшегінің бірі бәссаудаға қойылады, деп хабарлайды «Хабар 24»

Салмағы 13,5 келі тартатын метеориттің бастапқы бағасы 2 жарым миллион доллар. Көлемі футбол добындай аспан денесі Сахарадан табылған екен. Бұл кесек америкалық «Аполлон» ғарыш командасының айға сапары кезінде әкелінген нұсқасымен салыстырылып, расталған.

Джеймс Хислоп, Christie's сауда үйінің өкілі:

– Бәссаудаға қатысуға ниет білдіргендер көп. Себебі олар «Апполон» командасының айдан алып келген бөлшегінен бөлек, аспан денесінің кесегін иеленуді қалайды. Бұл ғарыш пен Айды зерттеумен айналысатын адамдар үшін де таптырмас олжа болар еді.

 

Хабар 24 телеарнасы