422.87 509.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Литва астанасының әуежайы ашық аспан астындағы кинотеатрға айналды

  • 383
  • UPD: 17:34, 02.05.2020
Литва астанасының әуежайы ашық аспан астындағы кинотеатрға айналды

Қазір коронавирусқа байланысты ұшақтар қаңтарылып тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондықтан әуежай басшылығы бос тұрған кешенді тиімді пайдалануды ойлаған болу керек. Сөйтіп ғимарат алдына үлкен экран қойған. Тек фильмді көлікпен келіп көре аласыз. Бағдарламада бірнеше Оскар сыйлығын иеленген оңтүстіккореялық режиссер Пон Джун-хоның «Паразиттер» фильмі мен ирандық Асгар Фархадидің «КоммиВояжер» туындысы бар.

Эдгарас Якавичус, жергілікті тұрғын:

– Қазір індетке байланысты ойын-сауық шаралары шектелген. Ал киноға бармағаныма көп болды. Сондықтан бұл жақсы идея деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы