423,81 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Өзбекстандағы апат: жарылған бөгеттен келетін қауіп сейілді

  • 865
  • UPD: 17:58, 02.05.2020

Қазір Өзбекстанда бөгетті бұзып кеткен судың ағысы бәсеңдеп, деңгейі төмендеген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елдің Төтенше жағдайлар министрлігі Сардоба су қоймасынан келетін қауіп сейілді деп мәлімдеді. 

Мурад Садыков, Өзбекстан республикасы төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі:

– Бұдан бөлек, эвакуацияланған адамдар үшін қосымша орындар дайындап жатырмыз. Қажет болса, тағы 1 мың адамды орналастыруға мүмкіндік бар. Қауіпсіз жерге көшірілген тұрғындар ыстық тамақпен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген. Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты құтқару жұмыстары санитарлық-гигиеналық талаптарға сай жүргізіліп жатыр.

Авторы: Жасын Біркенов

Хабар 24 телеарнасы