423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

И.Масктың желідегі жазбасы Tesla акцияларын құлдыратып жіберді

  • 468
И.Масктың желідегі жазбасы Tesla акцияларын құлдыратып жіберді

Танымал америкалық кәсіпкер Илон Масктың твиттердегі жазбасы Tesla акцияларының құлдырауына әкеп соқтырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол әлеуметтік желіде өзі басшылық ететін осы компанияның акцияларын тым қымбат санайтынын жазған. Бұл бірден биржадағы жағдайға әсер етті. Сөйтіп, Tesla акциялары шамамен 10 процентке арзандады. Ең қызығы - осыдан бірер күн бұрын компания осы жылдың алғашқы тоқсанын сәтті аяқтағанын жария еткен еді. Жалпы екі жыл бұрын Илон Маск твиттерде компанияға қатысты жазба жариялағанда, Tesla акциялары қымбаттап кеткен. Алайда кәсіпкердің бұл хабарламасы айла-шарғыға бағаланып, оған 20 миллион доллар айыппұл салынған. Одан бөлек, Илон Маск компанияның директорлар кеңесінің төрағасы қызметінен 3 жылға босатылған.

Хабар 24 телеарнасы