Ұлыбритания премьер-министрі ұлының есімін өзін коронавирустан емдеген дәрігерлердің құрметіне қойған, деп хабарлайды «Хабар 24».
Нәрестенің есімі – Уилфред Лори Николас. Оның алғашқы екі бөлігі сәбидің туыстарының құрметіне қойылған. Ал, соңғы бөлігіндегі Николас – үкімет басшысын емдеген екі дәрігердің есімі.
Айта кеткен жөн, британдық премьер Борис Джонсон өткен айда коронавирус жұқтырып, жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан еді. Сәуірдің соңына ол індеттен айығып, жұмысқа қайта оралған. Артынша 29 сәуірде үкімет басшысының ұлы дүниеге келді.