426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пуэрто-Риконың оңтүстігінде қуаты 5,5 балдық жер сілкінісі тіркелді

  • 247
  • UPD: 13:51, 03.05.2020
Пуэрто-Риконың оңтүстігінде қуаты 5,5 балдық жер сілкінісі тіркелді

Кариб теңізінінің жағалауында, Пуэрто-Риконың оңтүстігінде қуаты 5,5 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

АҚШ-тың геологиялық қызметі жерасты дүмпудың эпиорталығы 1 мыңға жуық тұрғыны бар Тальябоа елді мекенінен 11 шақырым жерде орналасқанын айтады. Жергілікті билік қауіпті аймақтардан шамамен 50-ге жуық отбасын эвакуациялады. Зілзаладан Понсе қаласында ондаған ғимараттың тас-талқаны шығып, электр желісі үзілген. Әзірге апаттан адам шығыны мен жарақат алғандар жайлы ақпарат түскен жоқ.

Хабар 24 телеарнасы