399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Боливияда әскери ұшақ апатқа ұшырады

  • 122
  • UPD: 09:09, 04.05.2020
Боливияда әскери ұшақ апатқа ұшырады

Боливияда екі метрлік әскери ұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әуе көлігінің бортында 6 адам болған. Олардың барлығы мерт болды. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, ұшақ гуманитарлық көмек жеткізу үшін Тринидад қаласынан Санта-Крус қаласына сапарға шыққан. Бортта 4 Испания азаматы отырған. Болжам бойынша олар Санта-Крус қаласынан өз еліне қайтпақ болған. Әзірге апатқа нақты не себеп болғаны белгісіз. Тергеу ісі басталды. Оқиға орнында мамандар жұмысын жалғастырып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы