423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нью-Йорк экономикасы 253 млрд доллар шығынға батады

  • 331
Нью-Йорк экономикасы 253 млрд доллар шығынға батады

Коронавирустан Нью-Йорк экономикасы 253 миллиард доллар шығынға батады, немесе пандемия салдарынан штаттың ішкі жалпы өнімі 14 процентке қысқарады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл тек қазіргі таңдағы болжам ғана. Эпидемия аяқталғаннан кейін, екі ай бойы тұралап тұрған өндірістен келетін шығын еселенуі мүмкін. Бұл аралықта шағын компаниялар не тауар өндіріп жатқан жоқ, не қызмет түрлері көрсетілмейді. Одан бөлек, жұмыссыз қалғандарға көрсетілген әлеуметтік көмек пен медициналық шығын тағы бар. Сондай-ақ карантин кезінде жұмысын тоқтатқан кәсіпкерлерге федералды деңгейде көмек көрсетілгенін айта кетейік. Дегенмен сарапшы, профессор Джонас Шаенденің айтуынша, пандемия аяқталған соң көптеген шағын кәсіп керісінше жұмысын тоқтатуы мүмкін. 

Джонас Шаенде, сарапшы:

– Эпидемия аяқталған соң экономикалық жағдай өзгереді. Неге дейсіз бе? Мәселен, бұған дейін толыққанды жұмыс істеп келген мейрамханада енді әлеуметтік қашықтық пайда болады. Демек, үстелдер саны азаяды. Тиісінше, қызметкерлер саны қысқарады. Мейрамханаға келушілер саны азайған соң, түсетін пайда да төмендейді. Сондықтан карантиннен кейін олар жаңа форматта ашылуы тиіс. Тағы бір мәселе бар, ендігі түсетін табыс кәсіпкерлерді қаншалықты қанағаттандырады? Олар шығынға батпай ма? Пайда келмейтін болса, көптеген кәсіп түрлері осы жабық күйінде қалайын деп тұр.

Хабар 24 телеарнасы