425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Иранның ОПЕК-тегі өкілі ауыр халде жатыр

  • 340
  • UPD: 11:15, 04.05.2020
Иранның ОПЕК-тегі өкілі ауыр халде жатыр

ОПЕК-тегі Иранның өкілі Хосейн Каземпур Ардабели жансақтау бөлімінде із-түзсіз халде жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәрігерлер Ардабелидің миына қан кеткенін айтады. Бұл туралы Ислам мемлекеті мұнай министрлігінің Твиттердегі ресми парақшасында хабарланды. Қазір оның жағдайы дәрігерлердің жіті бақылауында.

Айта кетейік, Ардебили 1980 жылдан бастап Иранның сыртқы істер министрінің орынбасары, кейін мұнай министрінің орынбасары қызметін атқарған. Ал 1990 жылдардан бері ОПЕК-тегі Иранның өкілі қызметін атқарып келеді.

Хабар 24 телеарнасы