420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

А.Лукашенко: 9 мамыр тойланады

  • 339
  • UPD: 15:28, 04.05.2020
А.Лукашенко: 9 мамыр тойланады Белновости

Коронавирус кедергі емес. Беларусь республикасының Президенті Александр Лукашенко пандемияға байланысты 9 мамыр күні өтетін әскери шеруден бас тартпайтын болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қорғаныс министрлігі салтанатты шараға қызу дайындық жүріп жатқанын растады. Сондай-ақ Лукашенко өз сөзінде шеруге ешкімді қинап шақырмаймын, онсыз да келгісі келетіндер мыңнан асып жығалады деді.

Айта кетейік, Беларусь елі індеттің елде жаппай таралуына қарамастан, төтенше жағдай немесе карантин жариялған жоқ. Бүгінде онда қауіпті кеселді жұқтырғандар саны 16 мыңнан асады. 99 адам коронавирустан көз жұмды.

Хабар 24 телеарнасы