425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Иранда мектептер мен мешіттер ашылады

  • 382
Иранда мектептер мен мешіттер ашылады

Иранның кей өңірлерінде мектептер мен мешіттер ашылатын болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы ел президенті Хасан Роухани хабарлады. Бұған дейін мемлекет басшысы елдің ақ, сары және қызыл аудандарына бөлінетінін айтқан болатын. Әр өңірге байланысты шектеу шаралары да әр түрлі болды. Енді вирустың таралуы бәсеңдеген, яғни ақ түспен белгіленген аудандар біртіндеп карантин режимінен шыға бастады. Қазір аймақта сауда орындары ашылып, қалааралық қатынас қалыпты жұмысына оралуда.

Айта кетейік, Иранда коронавирустың жаңа түрінен 6 мың 203 адам көз жұмды. Ал осы дертке шалдыққан науқастардың саны 97 мыңнан асты.

Хасан Роухани, Иран президенті:

– Кей кәсіпорындар мен орталықтарды аша бастадық. Ақ түспен белгіленген тағы 132 қала карантиннен шығатын болады. Қауіпсіз аймақтарда метептер мен мешіттер ашылады. Оқу емтихан тапсыру уақытына дейін жалғасатын болады. Алайда барлық санитарлық талап сақталу керек.

Хабар 24 телеарнасы