425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Иранда ұлттық валюта өзгерді және деноминацияланды

  • 369
  • UPD: 16:13, 04.05.2020
Иранда ұлттық валюта өзгерді және деноминацияланды

Иран парламенті ұлттық валютаны өзгерту туралы заңды мақұлдады.

Енді осыған дейін риал аталған төл ақша туман валютасына ауысты, ал бір туман 10 000 риалға тең және осыған байланысты риалға деноминация жасалды.

Заңға сәйкес, Ирандағы Орталық банк риал мен туманның арасалмағын есептеуі тиіс. Бұл кезде банк елдің валюта резерві мен Халықаралық валюта қоры алдындағы міндеттемелерін ескереді. 

Иранның ескі ақшасы алдағы екі жыл бойы жаңа валютамен қатар заңды айналымда бола береді. Осы уақыт ішінде айналымдағы риал біртіндеп туманға ауыстырылады.

IRNA

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы