422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Отыз қазақстандық суретші Qazart онлайн көрмесіне қатысты 

  • 304
  • UPD: 09:50, 05.05.2020

Қазақстанның 30 суретшісі  Qazart онлайн көрмесіне қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еліміздің заманауи өнері ағылшын тілінде паш етілген бұл вернисажды Нью-Йоркте тұратын белгілі өнертанушы, отандасымыз Владислав Слудский ұйымдастырды. 600 бірегей туынды, мұрағат деректері,  портфолио және Қазақстанның заманауи өнері жөнінде әлемнің түрлі тілдерінде жарияланған  мақалалар  Qazart.com онлайн-платформасында орын алды. Жұртқа ашық осы дерекқордың мақсаты – өнертанушыларға Қазақстанның мәдени өмірімен танысуға мүмкіндік беру. Еуразиялық мәдени альянс жетекшісі Владислав Слудскийдің айтуынша, суретшілердің көбіне географиялық алшақтық пен тілге байланысты кедергілердің салдарынан өзге елдерде өз туындыларын көрсету қиын, ал онлайн-формат Қазақстан мен өзге әлем арасында мәдени байланыстарды дамытуға жол ашады, әсіресе пандемия кезінде.

Владислав Слудский, Еуразиялық мәдени альянс жетекшісі:

– Осындай күйзелістерден кейін қайта даму кезеңі басталатынын ұмытпау керек, әйтеуір мәдениетте осындай үрдіс байқалады. Оба індетінен кейін ренессанс, ал испан тұмауынан кейін модернизм өрлеген еді. Қазіргі жағдай Қазақстан өнерінің жаңғыруына әкелуі мүмкін. Онлайн әлемінде өз орныңды табу маңызды, бұл үшін карантин қолайлы кез.

Хабар 24 телеарнасы