425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Киевте қызғалдақтар көрмесі онлайн режимде өтіп жатыр

  • 224
  • UPD: 11:00, 05.05.2020

Киев қаласында дәстүрлі қызғалдақтар көрмесі ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Алайда жарты млн данаға жуық дала сұлулары биыл тек онлайн режимде ұсынылады. Елде жарияланған карантинге байланысты осындай шектеу қойылды.

Украина билігі коронавирусқа байланысты жарияланғаннан карантиннен кезең-кезеңмен шығуды көздеп отыр. 11 мамырдан бастап Украина оқшаулау ережесін жеңілдетпек, жалпы карантин 24 мамырға дейін жалғасады. Елде вирус жұқтырғандар саны 12 мыңнан асты, 300 адам қайтыс болған. Бір жетіден кейін елде саябақ, сұлулық салондары, сауда орындары, дүкендер, мұражай мен кітапхана және нотариус кеңселері ашылуы мүмкін. Дегенмен, ел президенті Владимир Зеленский Украина халқын босаңсымауға шақырды.

Владимир Зеленский, Украина президенті:

– Карантиннен толық босап шығудың зардабы зор. Мысалы, біз ертең қалыпты өмірімізге қайтып келетін болсақ, жыл соңыңа дейін 120 мың өлім тіркелуі мүмкін. Сондықтан, карантиннен ақырын және кезең-кезеңмен шығатын боламыз. Карантин болмағанда Украинада коронавирус жұқтырғандар 12 мың емес 200 мыңға жететін еді.

Украинадағы карантиннің басталғанына 55 күн, мамандар мамырдың соңына дейін карантин мерзімі сақталауы мүмкін деп пайымдайды. Сондықтан болар, Украинадағы мерекелік іс-шаралар толығымен онлайн режиміне көшкен. Айталық, он жылдан бері ұйымдастырылатын қызғалдақтар көрмесі де биыл алғаш рет көгілдір экраннан көрсетіліп жатыр. 

Дмитрий Заруба, мемлекеттік коммуналдық бірлестік басшысының орынбасары:

– Әрине, біз келушілерді көп күттік. 250 жұмыскер гүлдердің тұқымын отырғызды, күтіп, баптады. Сұлулық пен еңбек зая кетпесін деп, біз камера орналастырдық, қазір көрмені онлайн көруге болады.

Қызғалдақтар көрмесі үшін мұнда арнайы жарты млн данаға жуық гүл отырғызылыпты. Жыл сайын көрмені көруге жүз мыңға жуық адам келеді екен. Биыл онлайн өткізіліп жатса да, жайқалған дала гүлдерін веб камера арқылы тамашалайтындар аз емес. Олар саябақтың қарапайым жұмысшыларына алғысын хат арқылы жеткізуде.

Авторлары: Аида Қыдырбай, Петр Борейко

Хабар 24 телеарнасы