420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

EXPO 2020 келер жылға ауыстырылды

  • 588
  • UPD: 09:21, 06.05.2020
EXPO 2020 келер жылға ауыстырылды

Дубайда өтуі тиіс EXPO-2020 халықаралық көрмесі келесі жылдың қазан айына ауыстырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы халықаралық көрме бюросы мәлімдеді. Әлемдік деңгейдегі маңызды іс-шара осы жылдың 20 қазанында ашылуы керек еді. Көрмені келер жылға көшіру шешімі Біріккен Араб Әмірліктері билігінің  өтініші бойынша қабылданды. Оған коронавирус пандемиясының әлем елдерінде жаппай таралуы себеп болған. Жалпы, ЕХРО-ға алдын ала болжам бойынша жаһаннан 11 миллион турист келеді деп жоспарланған.

Хабар 24 телеарнасы