425,99 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Тақтар ойынының» жұлдызы кәсіпқой бокста өнер көрсетеді

  • 292
  • UPD: 12:43, 05.05.2020
«Тақтар ойынының» жұлдызы кәсіпқой бокста өнер көрсетеді podrobnosti.ua

Хафтор Бьернссон өзінің алғашқы жекпе-жегін 2021 жылы өткізбек.

Танымал исландиялық актер Хафтор Бьернссон келесі жылы кәсіпқой бокста дебютін өткізетіні туралы хабарлады. Бұл туралы актер өзінің Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

Айқас 2021 жылы Лас-Вегаста ұйымдастырылмақ. Бьернссонның қарсыласы – «Ғаламшардың ең күшті адамы» атағының иесі Эдди Холл.

Ал исландиялық болса 2018 жылы әлемнің ең күшті адамы болған.

Бірақ көпшілік Хафторды «Тақтар ойыны» сериалындағы Григор «Тау» Клиган рөлі арқылы жақсы біледі.

«Алдағы бір жарым жылымды осы жекпе-жекке дайындыққа арнаймын», – деп жазды актер.

Хабар 24 телеарнасы