419,57 511.30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Австралия мен Жаңа Зеландия саяхат үшін бірыңғай қауіпсіз аймақ ашпақ

  • 638
  • UPD: 14:18, 05.05.2020
Австралия мен Жаңа Зеландия саяхат үшін бірыңғай қауіпсіз аймақ ашпақ

Австралия мен Жаңа Зеландия үкіметтері елдер арасындағы сапарлар мен саяхаттарды қалпына келтіру үшін бірыңғай қауіпсіз аймақ ашу жұмыстарын бастайды.

Бұл туралы Австралия үкіметінің басшысы Скотт Моррисон мәлімдеді.

Моррисонның айтуынша, Австралия мен Жаңа Зеландия саяхат жасау үшін транстасманиялық аймақ ашуға ниетті.

«Белгілі бір уақыттан кейін Австралия да, Жаңа Зеландия да әлемнің басқа бөліктерімен қайта қосылады. Бірақ қазір Жаңа Зеландия халықаралық сапарлар бойынша алғашқы бағыт болып отыр», - деді Австралия премьер-министрі.

Бірлескен мәлімдемеде екі елдің көшбасшысы мемлекеттер арасындағы саяхаттарға қойылған шектеулерді алуға COVID-19 инфекциясы таралуының алдын алу мүмкіндік беретінін атап өтті.

Айта кетсек, қазіргі уақытта Австралияда коронавирусты жұқтырудың 6849 жағдайы тіркелген. Оның ішінде 5859 адам емделіп шықты, 96 науқас қайтыс болды.

Хабар 24 телеарнасы