405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Францияда пандемияның кесірінен компаниялар банкротқа ұшырауы мүмкін

  • 121
  • UPD: 15:41, 05.05.2020

Пандемияның салдарынан Францияда біраз компания банкротқа ұшырап, елде жұмыссыздық белең алуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы елдің экономика және қаржы министрі Брюно Ле Мэр хабарлайды. Оның айтуынша, Франция осы айда карантин режимінен шықса да елдегі мейрамханалар мен туризм саласындағы кәсіпорындар әзірге ашылмайды. Министр жабық секторлардың жұмысына мемлекеттен қаржылай қолдау көрсетілетінін айтты. Сонымен қатар, Брюно Ле Мэр  Еуропа Одағы аумағында сандық салық енгізу мәселесін қайта көтермек ниетте.

Бруно Ле Мэр, Францияның экономика және қаржы министрі:

– Шағын және орта кәсіпорындардың банкротқа ұшырау қаупі бар. Көптеген компания қайта ашылмайтындықтан жұмыс орындары да қысқарады.  Өтпелі кезеңде туризм мен мәдениет саласы ең көп зардап шекпек. Дағдарысқа қарамастан нарықта қалатын алпауыт компаниялардың салық төлеуінде өзгерістер енгізу керек. Бұл тығырықтан шығудың жолы деп білем.

 

Хабар 24 телеарнасы