429,68 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жасанды интеллектпен басқарылатын ұшқышсыз ұшақтың үш прототипі жасалмақ

  • 458
  • UPD: 09:41, 06.05.2020
Жасанды интеллектпен басқарылатын ұшқышсыз ұшақтың үш прототипі жасалмақ

Америкалық Boeing компаниясында жасанды интеллектпен басқарылатын және әскери мақсаттағы алғашқы ұшқышсыз ұшақ таныстырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Loyal Wingman деп аталатын аппараттың ұзындығы 11 метр. Және ол тоқтаусыз 3700 шақырымды бағындыра алады. Айта кетерлігі, жаңа ұшақ Австралияда құрастырылған. Компания өкілдерінің айтуынша, алдағы уақытта осындай ұшақтың үш прототипін жасап шығару жоспарланып отыр екен.

Скотт Моррисон, Австралия премьер-министрі:

- Loyal Wingman бірінші кезекте жойғыш ұшақ пен ұшқыштарды қорғауға көмектеседі. Біз бұл ұшақтарды жасауға әзірге 40 миллион доллар инвестиция салдық. Және оны құрастыруға жергілікті материалдар пайдаланылмақ.

Хабар 24 телеарнасы