425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бразилияда коронавирустан бір тәулікте 600 адам көз жұмды

  • 300
  • UPD: 10:47, 06.05.2020
Бразилияда коронавирустан бір тәулікте 600 адам көз жұмды

Бразилияда коронавирустың жаңа түрі дендеп барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, соңғы тәулікте COVID-19-дан 600 адам көз жұмды. Жалпы пандемия басталғалы елде қауіпті вирустан қайтыс болғандардың саны 7921-ге жетті. Тағы 115 мыңға жуық науқас ем қабылдап жатыр.  Вирус жұқтырған 48 мыңнан астам тұрғын дертінен айығып шықты. Қазір Сан-Паулу штаты індет ошағына айналды. Онда 34 мыңнан астам науқас тіркелді. Екінші орында Рио-де-Жанейро қаласы тұр. Бұл аймақта 12 мыңнан астам адам вирус жұқтырған.

Естеріңізге салайық, Бразиялияда алғаш рет коронавирус ақпанның 26-сы табылды. Мамандар жағдай қыркүйек айында ғана тұрақтала бастайды деп болжайды.

Хабар 24 телеарнасы