Біріккен Араб Әмірлігінің Шарджа қаласындағы биіктігі 190 метр көп қабатты тұрғын үйде өрт шыққанын хабарлаған болатынбыз, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қызыл жалын 48 қабатқа лезде тарап кеткен. Қазір тілсіз жаумен өрт сөндірушілер арпалысып жатыр. Жергілікті билік әзірше оқиғадан мерт болғандардың бар-жоғын хабарламай отыр. 7 адам жарақат алып ауруханаға түскені мәлім. Өрттің себебі де анықталған жоқ. Болжам бойынша тілсіз жау 10-қабаттағы мейрамханадан шыққан. Ақпарат көздеріне сенсек, ғимарат пен жақын маңда тұрған тағы 5 нысаннан барлық адамдар эвакуацияланған. Оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.
