429,54 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Балтық жағалауы елдері 15 мамырда шекараларын ашу туралы өзара келісімге келді

  • 353
  • UPD: 16:45, 06.05.2020
Балтық жағалауы елдері 15 мамырда шекараларын ашу туралы өзара келісімге келді

Латвия, Эстония және Литваның премьер-министрлері 15 мамырда елдер арасындағы шекараны ашу туралы келісімге келді.

Бұл туралы Латвия министрлер кабинетінің басшысы мәлімдеді.

«Бүгін бейнеконференция барысында біз Литва мен Эстония премьер-министрлерімен бірге шекараны ашу туралы келісімге келдік. Балтық жағалауы елдерінің тұрғындары осы елдер арасында оңай жүріп-тұра алады», - деп жазды Кришьянис Кариньш.

Айта кетсек, Латвияда төтенше жағдай режимі әлі де сақталуда.

Хабар 24 телеарнасы